Бүгін — Білім күні

Бүгін, 1 қыркүйекте еліміздің барлық мектебінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында елімізде 3,9 миллионнан астам оқушы мектепке барады, оның 352-сі — бірінші сынып оқушылары.

Айта кетейік, биыл күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп 1 қыркүйекте ашылмақ. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі де өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам оқушы оқу құралдарын сатып алуға көмек алған.

Еске сала кетейік, биыл инклюзивті мектептердің үлесі 88%-ға, ал балаларды арнайы қолдаумен қамту деңгейі 80%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, пилоттық режимде психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізіліп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламаларға жаңа талаптар әзірленген.

Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап 300 мыңнан астам колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға артады.

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...