Президенттің биылғы Жолдауы әрбір азаматтың өз Отанының тағдырындағы жауапкершілігін атап көрсетеді, бұл – экономикалық проблеманы шешу, экономиканың өсуі және инфрақұрылымының дамуы, қаржылық сауаттылықты көтеру, әлеуметтік салада әлемдік стандарттарды қамтамасыз ету саясаты және әлеуметтік теңсіздіктің төмендеуіне қатысты іс шаралар.
Президент Үкімет пен әкімдер жұмысының басты мақсаты ретінде табыс деңгейін арттыруды айқындады. Атқарушы биліктің арсеналында елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған тетіктер болуы керек.
Экономиканы дамытудың жаңа бағыты әртараптандырумен, экономика құрылымының өзгеруімен, өңдеуші өнеркәсіп үлесінің артуымен, республиканың өнеркәсіптік әлеуетінің дамуымен байланысты. Бұл ретте мемлекеттік — жеке меншік әріптестік жүйесі арқылы инвестицияларды тарту, капиталға рақымшылық жасау, инвестициялық ахуалға әсер ететін жағымсыз факторларды жою мәселелері шешуші рөл атқарады.
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шағын және орта бизнестің рөлі ерекше орын алады, бұл тұрғыда шағын кәсіпорындарды несиелеу тиімді ақша-несие саясатымен көбірек байланысты. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігін орындамау мәселелерін шешу үшін әділ салық салу қажет оның ішінде банк секторы мән беру.
Ақша-кредит және фискалдық саясатты жүргізуде Президент банктердің қызметін реттейтін заңнамалық актілерді және жаңа Салық кодексін әзірлеуге, бюджетаралық қатынастарды және салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру мақсатында ұтымды өтемақы тетіктерін әзірлеуге бағытталған нақты шараларды белгіледі.
Президент ауыл шаруашылығында шешілмеген көптеген мәселелерді атап өтті, бұл жалған тіркеулер, бюджеттік ресурстарды ұтымсыз пайдалану, ауылшаруашылық жерлерін ұсыну кезінде конкурс рәсімдерін бұзу. Осы кемшіліктердің барлығы жойып, фермерлерге «тауарлық несие» беруі тиіс, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды жер дақылдарды өсіруге үйрету үшін орталықтар ұйымдастыру көзделген.
Отандық шикізат пен құрамдас бөліктерді пайдалану негізінде Президент елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға және дамытуға ерекше көңіл бөлді. Бұл автомобильдер, мұнай-химия және мұнай өңдеу кәсіпорындарын өндіруге қатысты.
Жоғарыда аталған мәселелерді дәйекті шешу бірінші кезектегі инфрақұрылымдық жобаларды шешумен байланысты. Бірінші кезекте Президент энергетика және коммуналдық салаға, көлік-логистикалық секторға, су-ирригациялық жүйелерге назар аударды.
Жолдаудың негізгі мақсаты: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, құқықтық мемлекет құру болып табылады, соның негізінде қазақстандықтың жасампаздық әлеуетін жетілдіру.
Азиза МЕРГЕНБАЕВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-і «Экономикалық теория» кафедрасының меңгерушісі