Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатына тағы 15 мектеп ашылды

Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 19 мыңға жуық оқушы орнына арналған 15 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, қор Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып, сыбайлас жемқорлардан кері қайтарылған қаражат есебінен толықтырылады. Ол үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешуге және жалпы қосалқы құрылыс нысандарын салу мен мектептерді реконструкциялау арқылы оқушы орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаментінің мәліметінше, мемлекет тарапынан балалардың білім алуына жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қор құрылған сәттен бастап еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76,7 мың оқушы орнына арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылған. Бүгінде 63,2 мың оқушыға арналған 52 мектеп қолданысқа берілді.

Еске сала кетейік, осы жылдың басында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды. Бұл мектептер 2025 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен барлығы 92 мың орындық 82 мектептің құрылысы қаржыландырылған. Аталған шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақ мерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.

x

Check Also

Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді

Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді. Президент тапсырмаларын орындау ...

Экономика Казахстана с начала года выросла на 6,2%

Экономика Казахстана продолжает демонстрировать уверенный рост, достигнув показателя в 6,2% по итогам января-июня текущего года. Об этом на заседании Правительства ...