Бас прокуратура мен ҰОК арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Бас Прокурор Берік Асылов пен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласында заңдылықтың нығаюы, бюджет қаражатын жымқыруды болдырмау және басқа да қылмыстарға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу.

Бас Прокурор өз сөзінде «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында уәкілетті органмен бірге кәсіпқой спортта негізгі мәселелерді шешу және осы саладағы заңнаманы жаңарту керек екенін» атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде тараптар белсенді ақпараттық өзара іс-қимылды, бірлескен талдауларды, жобаларды, оның ішінде күштік органдардың қызметкерлері арасында танымал спортшыларды дайындап шығару мақсатында құқық қорғау органдарында спортты кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.

x

Check Also

2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда ...

Токаев поздравил казахстанцев с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас с 80-летием Великой Победы! Этот знаменательный юбилей каждый казахстанец празднует с особым чувством ...