Ашадағы 600 орындық «Жайлы мектептің» инженерлік желілерінің құрылысы жүргізілуде

Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінің Аша елді мекенінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектептің инженерлік желілерінің құрылысы жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда су құбыры, кәріз, байланыс, жол және жарықтандыру жұмыстары орнатылуда. Аталған нысанға тапсырыс беруші Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі болып табылады. Бүгін құрылыс жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев арнайы барып қадағалап, бақылау жүргізді.

Жайлы мектептің инженерлік желілерінің құрылысын «ЛидерСтройПроект-2002» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Жобалаушы мекеме — «МК-ПроектСтрой», ал техникалық қадағалаушы мекеме – «Жасыл Алем Сервис» ЖШС тарапынан атқарылуда. Оқу орынның ауыз су құбыры, электр және байланыс желілері толығымен тартылып аяқталды. Бүгінгі таңда аяқ жол, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, 2 дана аялдама орнатылды. Ендігі кезекте түнгі көше жарықтарының жұмыстары жүргізілетін болады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...