АПВ – ға қарсы вакцинациялау — Xnews — ақпарат агенттігі

АПВ – ға қарсы вакцинациялау

Адам папиломасы вирусы (АПВ) – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабаттарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті және ол қатерлі ісік дамытуымен қауіпті. Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обыры ауруымен 1900 — ға жуық әйел тіркеліп, 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады.

АПВ вирусы адамға келесі жолдармен беріледі:
• Тұрмыстық жанасу жолымен: қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы беріледі. Сондықтан қоғамдық орындарда — сауна, монша, бассейн, спорт залдарда адам өзін ұқыпты ұстауы қажет;
• Жыныс жолымен;
• Тікелей жолмен туу кезінде вирус анадан сәбиге оның босану жолдарымен өту кезінде беріледі;

Өзіне –өзі жұқтыру: қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне ауысады.

Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ. Оның бірден-бір алдын алу әдісі – бұл вакцинация. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан елдерінде, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде қолданылып жатыр.

Біздің елімізде 2024жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жасар қыз балаларға АПВ – ға қарсы вакцинация жүргізіледі. Вакцина мектептерде немесе мекен-жайы бойынша тіркелген емханаларда екпе кабинеттерінде тегін жасалады.

Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата — ананың немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. 6 ай өткен аралықта екінші рет қайта егіледі. Вакцина салғаннан кейін иньекция орнының ауырсынуы, қызаруы, болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реякциясы болуы мүмкін Әдетте олар бірнеше сағаттан бір күнге созылуы мүмкін.

ШЖҚ «№1 қалалық емхана» МКК-ның бөлім меңгерушілері:
Кенесова Зульфия Бахтияровна және Жақсылық Қуандық Асанұлы

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...