АЭС – болашақтың энергиясы

Елде АЭС салу бойынша халықтық штаб құрылғаны белгілі. Түркістан қаласындағы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері болып ел ағалары қала ақсақалдармен арнайы кездесу өтті.

Онда Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Жиында штаб басшысы ретінде АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бірден бір жолы болмақ», – деді.
Жиын соныңда тұрғындар толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...