Түркістанда «Turkestan City Fest 4» халықаралық байқауы өтті

Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында «Turkestan City Fest 4» халықаралық көпжанрлы фестиваль-байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың интеллектуалдық, тұлғалық және адамгершілік қасиеттерін шыңдау.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр өңірінен 4-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың әртүрлі жанрларда өнер көрсетуі жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Фестивальде балалар мен жасөспірімдердің хореография, бейнелеу өнері, аспапта орындау бойынша көрсеткен өнерлері көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Бұл шара жастардың өз таланттарын ашып, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға үлкен септігін тигізбек.

x

Check Also

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр ...

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты. «Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ...