Түркістанда тазалық шарасына мыңға жуық адам қатысты

Түркістан қаласында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында мыңға жуық адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.

Қала әкімінің бекітілген кестесіне сай ұйымдастырылған тазалық шарасына қала тұрғындары, эко-белсенділер, ерікті азаматтар қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне үлестерін қосты.

Тазарту жұмыстары шаһардағы І.Қожабаев, Кенесары, Шаяхметов, Ә.Рысбеков, Семей көшелері мен I-II мөлтек аудандарында жүргізілді. Нәтижесінде аталған аумақтар қураған шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылды. 6 аумаққа бөлініп жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 15 техника жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстарына атсалысқан табиғат жанашырлары қаланың дамуы мен абаттандырылуына үлес қосу үшін, көшеге қоқыс тастамау арқылы туристік астананың гүлденуіне үлес қосуға үндеді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...