Түркістанда Сауран ауданының “Өнерлі өлке” фестивалі аясындағы мәдениет күндері гала концертпен қорытындыланды

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сауран ауданының мәдениет күндері екі күнге жалғасып, өз мәресіне жетті. Алғашқы күні «Этноауыл» аумағында аудан қолөнершілерінің көрмелері, ұлттық ойын-сауық және салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сахналанды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, «Дала рухы» ансамблінің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Этноауыл» аумағында ұлттық ойындардан (қазақша күрес, қол күрес, садақ ату, ләкәш, асық ойындары, гір тасын көтеру, аударыспақ, тоғызқұмалақ, қойшы ойыны, сақпан ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, арқаласпақ, т.б.) сайыстар өтті.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырған «Өнерлі өлке» өнер фестивалі ұлттық мәдениетімізді, мәдени демалыс қызметін және халық шығармашылығын дамыту, жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды дәріптей отырып, келешек ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеу және облысымыздың туристік әлеуетін дамыту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Бұл дәстүрге айналған облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалі Түркістан қаласының төрінде биыл екінші рет өткізіліп отыр. Сауран ауданының мәдени күндері «Керуен Сарай» кешенінде Гала концертпен қорытыланды. Кешкі шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев қатысып, игі лебізін білдірді.

Сауран ауданы өнерпаздарының және «Алдараспан» театрының әртісі Нұржан Төлендиев және эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бақытжан Мұстафаев, Данияр Барыстың қатысуымен мерекелік Гала-концерт тамашаланып, түркістандық жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

x

Check Also

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала ...

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, ...