Түркістанда отбасының цифрлық картасының мәліметтерін өзектендіру бойынша оқыту семинары басталды

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда проактивті режимінде мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау үшін Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) іске қосылды. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен ОЦК мәліметтерін өзектендіру бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру жоспарланған.

23-29 тамыз аралығында аудандық және қалалық жұмысшы топтары, оның ішінде салаға жетекшілік ететін аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтер әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер мен аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен Мансап орталықтарының жауапты қызметкерлеріне ОЦК жүйесімен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі түсіндіріледі. Кестеге сәйкес жалпы 450 маманды оқыту көзделіп отыр. Бүгінгі семинарға Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданынан 50-ге жуық қызметкер арнайы келіп қатысты.

Семинар модераторы әрі басқарма басшысы Асия Темірбаеваның мәлімдеуінше, 2024 жылдың 19 тамыздағы жағдайы бойынша ОЦК-на Түркістан облысының 518 мыңнан астам отбасы енгізілген. Олар ішінара деңгейлеріне қарай қолайлы (А), қанағаттанарлық (В), қолайсыз (С), дағдарыс (D), апатты (Е) болып бөлінеді. Отбасын бағалау жүйесі автоматты түрде Отбасының цифрлық картасы интеграцияланған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен айқындалады. Яғни отбасылардың табыстары, тұрғын үйдің болуы және жай-күйі, мүгедек немесе науқас ретінде тіркелуі, көпбалалы болуы, жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік төлемдері, білімі туралы ақпараттар жинақталған. Облыстағы әл-ауқатты бағалау нәтижесі D және E деңгейіндегі 168 мыңнан астам отбасы әлеуметттік қолдауды қажет етеді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенованың тапсырмасына сәйкес бұл отбасылардың санын 6,3%-ға төмендету жұмыстары жүргізілуде.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Түркістан өңірінде облыстық жұмыс тобын құру, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларын бекіту, қадамдық алгоритм, КРІ критерийлерін белгілеу, жауапты орындаушыларды бекіту торын әзірлеу, D және Е деңгейлі азаматтардың санын азайту жоспарларын дайындау секілді кешенді шаралар атқарылып жатыр.

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...