Түркістанда халықаралық әуе рейсінің саны артады (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда халықаралық әуе рейсінің саны артады (видео)

Түркістан халықаралық әуежайы ашылған 3 жарым жылдың ішінде 1 млн 200 мың жолаушыға қызмет көрсеткен.

Оның 570 мыңы әуежайдан ұшып кетсе, 630 мың жолаушы Түркістанға ұшып келген. Ал биыл жыл басынан бері 180 мың жолаушы әуежай қызметін пайдаланыпты. Оның 50 мыңнан астамы халықаралық бағыттағы рейс жолаушылары. Бүгінгі күні мұнда Кувейт, Абу Даби және Стамбул қалаларына 3 халықаралық рейс қатынайды. Одан бөлек, Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларына ұшатын 6 ішкі рейс бар. «Түркістан халықаралық әуежайының» басқарушы директоры Ілияс Нұғымановтың айтуынша, қазір «Түркістан-Мәскеу», «Түркістан-Баку» және «Түркістан-Анталия» бағыттары бойынша халықаралық әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Түркістан халықаралық әуежайының логистикалық әлеуеті артып, жүк тасымалы ұлғаяды. Әуежай басшылығы биылғы жылдың соңына дейін жүк тасымалын 1300 тонна дейін жеткізуді көздеп отыр. Былтыр әуежай арқылы 57 тонна жүк тасымалданса, биылғы жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 470 тоннаға жеткен.

Ілияс Нұғыманов, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ басқарушы директоры:
— 1 наурыздан бастап пошта бөлімін аштық. Ол жүк тасымалдауға Түркістан облысына жақсы ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, Alpha Sky деген авиакомпаниямен әуежайды базалық станция ретінде пайдалануға келісім-шартқа отырдық. Сондай-ақ басқа да авиакомпаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз жолаушылардың санын арттыруға және жүк тасымалдауды 2-3 есеге арттыруға жұмыс жүргізіп жатырмыз.

© «24kz» телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...