Түркістанда «Бір ауыл — бір өнім» өңірлік көрме-жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласы Ясауи кесенесі маңындағы Этноауыл кешенінде облыстың 40-қа жуық кәсіпкері өз өнімін көпшілік назарына ұсынып, өзара мықтыны анықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс. Көрмеде қолөнер шеберлерінің өнімдерімен қатар, бал, құрт, кептірілген жеміс-жидектер, сүт пен кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, сабын және тағы басқа тауарлар қойылды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері отандық тауар өндірушілердің өнімдерін бағалап, үздіктерді анықталды.

Көрме-жәрмеңке «Мен Кәсіпкермін» кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты — кәсіпкерлерге өз өнімдерін экспортқа шығаруға көмектесу. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбековтің айтуынша, ең мықты 3 кәсіп иесі аймақ атынан республикалық көрмеге қатысуға мүмкіндік алады.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...