Түркістанда ашық алаң ойындары жалғасып жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда ашық алаң ойындары жалғасып жатыр

Түркістанда жазғы ашық алаң ойындары жалғасып жатыр. Тамыз айындағы кезекті жарыс қаладағы Отырар мөлтек ауданында өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорттық шарада 300-ге жуық үміткер бақ сынады. Секіргішпен секіру, ләңгі тебу, белтемірге тартылу және асық ату сияқты ойындардан жарыс өтіп, үздіктер анықталды. Жеңімпаздар маусымның қорытынды сайысына жолдама алып, жүлдегерлерге сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Спорттық ойындарды Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» ұйымдастырып отыр. Аталған клубтың өз жұмысын бастап, облыс орталығындағы түрлі шараларға мұрындық болып, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатқанына 3 жылдан асты. Клубта шахмат, үлкен теннис, стритбол, қазақ күресі, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен үйірмелерде 24 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Қаламызда 6 сектор бойынша 130-дан астам ашық алаңшалар бар. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында секторда орналасқан ашық алаңдарда әр аптаның бейсенбі-жұма күндері «Жазғы демалыс спортпен» атты ұранмен Түркістан қаласы ашық алаң ойындары өткізіледі.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...