Түркістанда Абай күніне арналған онкүндік басталды

Бүгін Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онкүндіктің ашылу іс-шарасында сөз алған кітапхананың әдістемелік-инновациялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Байдәулетова атаулы күннің маңызына тоқталды.

Шара барысында Түркістан қалалық балалармен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының көркем сөз үйірмесіне қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ келушілерге арнайы жасақталған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды. Әрі қарай жоспар бойынша күнделікті іс-шараларға ұласып, 10 тамызға дейін жалғасады. Онда кеңейтілген кітап көрмесі, әлеуметтік желілерде танымдық сауалнама, викториналық сұрақтар, сурет байқауы, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айту сайысы сынды мазмұнды шаралар Абай ескерткішіне тағзым жасаумен қорытындыланбақ.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Сол жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтті. Еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген дәл осы күні әр өңірде шығармаларын насихаттайтын түрлі әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылады.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...