Түркістан: Тазалық мекемелерінің өзекті мәселелері сараланды

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте тазалыққа жауапты жеке кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қаладағы 6 сектордың санитарлық тазалығына 7 жеке кәсіпкер жауапты. Олар шаһардағы 832 көшеден қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына тасымалдайды.

Қала әкімі сектор басшыларына қоқыс тасымалының төлемі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ескертті.

Ал, жеке кәсіпкерлерге қоқысты бекітілген кестеден кешіктірмей, тиянақтап алуды тапсырды.

— Әрине, еңбектің ақысы төленуі керек. Алайда, көрсетілетін қызмет те талапқа сай болуы қажет. Өздеріңізге бекітілген көшелерден белгіленген уақытта қоқыс алынбаған жағдайда біз де заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдайтынымызды назарларыңызға саламын, — дей келе Нұрбол Әбдісаттарұлы тазалық мекемелерін өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Жеке кәсіпкерлер төлемақы қарызы жиналған азаматтарға ескерту хат жолданғанын, әр үйге тіркелген азаматтарды түгендеу жұмыстары басталғанын баяндады.

Полиция басқармасы 5-12 тамыз аралығында қалада ортақ пайдалану орындарын ластаудың — 165, абаттандыру қағидаларын бұзудың 14 фактісін тіркеген. Жол жабысындысын бұзған 3 жүк көлігі анықталған.

Мәжіліс соңында қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, кемшіліктерді жою үшін сала жауаптыларына нақты міндеттер жүктеді.

x

Check Also

Шардарада патриоттық кездесу өтті

Бүгін Шардара қаласында «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» атты шара өтті. Жиында ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жастармен кездесті. ...

Возвращенные активы работают на благо народа

Состоялась торжественная церемония закладки капсулы времени в рамках начала строительства новой музыкальной школы искусств в селе Темирлан Ордабасинского района Туркестанской ...