Түркістан облысында биыл 6 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысы аумағында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 983,3 шақырымды құрайды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жолдардың бойында 409 дана көпір және 3 591 дана су құбырлары орналасқан. Биыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Келес, Сауран, Отырар, Мақтаарал, Төлеби, Сарыағаш аудандарындағы 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көпірлер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Соның бірі Сарыағаш ауданына қарасты Сіргелі елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолы бойындағы Тасқұлақ өзенінің үстіндегі көпір күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінде мердігер мекеме «СК «Дар» ЖШС тарапынан айналма жол ұйымдастырылып, көпірді демонтаждау жұмыстары басталған. Нысан құрылысы қараша айына дейін аяқталып, көлік қозғалысына беру жоспарланған.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...