Түркістан облысына ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі іссапармен келді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысына ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі іссапармен келді

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Тимур Сұлтанғазиев облысқа жасаған сапары барысында өңірдегі медициналық ұйымдарды аралап, алқа отырысын өткізді.

Мәжілісте вице министр ана мен бала денсаулығын қорғау, тыныс алу, ас қорыту ағзалары және нерв жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштеріне тоқталып,  медициналық көмектің сапасын жақсарту  жайын алға тартты. Сондай-ақ арыз шағымдарға талдау жасалды.

Жиында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Асхан Байдувалиев медициналық-техникалық жарақтандыру, дәрімен қамтамасыз ету, ұйымдардағы жөндеу жұмыстары, жоспардағы ірі медициналық жобалар,  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасына тоқталды.

Айта кетейік, сапар барысында вице-министр Түркістан қалалық емханасына арнайы барып, егу кабинеттерінің жұмыс барысын бақылады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...