Түркістан облысы: Су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау керек — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы: Су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау керек

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері 58 адам, оның ішінде 31 жасөспірім бала суға кеткен. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында орын алған. Негізгі себептері — балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

«Шомылу маусымы басталғалы бері суға кету фактілерінің басым бөлігі облыс аумағынан өтетін Сырдария, Арыс өзендерінде, каналдар мен суқоймаларда орын алуда. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, су айдындарына жақын орналасқан аймақта тұратын халыққа 100 мыңнан астам түсіндіру жұмыстары жүргізілді»-деп баяндады басқарма басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...