Түркістан: Мектептер маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылуда

Түркістан қаласында жаңа оқу жылының қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 23 білім ордасының маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.Сондай-ақ, қыркүйек айына дейін қаладағы барлық мектептің жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылады деп жоспарланып отыр.

Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Ә.Темір, Байбұрт, Тауке хан, С.Қожанов, О.Жарылқапов, Т.Нышанов, Төле Би, Қазыбек Би, О.Жандосов көшелерінің 123,28 км жол сызығы, 7334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы, 31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы жаңартылған.

Қала көшелеріне 1400 дана жол белгілері орнатылды. Жыл соңына дейін жаңа 2500 дана жол белгісі, 5 жаяу жүргіншілерге арналған және 5 транспорттық бағдаршам қойылады. Сондай-ақ, соңғы жарты жылда қала көшелеріне жаңа үлгідегі 105 жаңа автобус аялдамасы орнатылды. Жыл соңына жаңа аялдамалар санын 150-ге жеткізу көзделген.

x

Check Also

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр ...

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты. «Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ...