Түркістан: Эко-базарда «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті

Бүгін Эко-базар кешенінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19-20 тамыз күндеріне жоспарланған жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ, жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, мектеп формалары мен аяқ киімдер қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға жағдай жасап, дайындықты жеңілдетуге бағытталған.

Құрметті, қала тұрғындары! Аталған жәрмеңке шаһардағы Эко-базар сауда кешенінде 20 тамыз күні сағат 09:00-18:00 аралығында жалғасатынын хабарлаймыз!

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...