Түлкібаста «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды

Түлкібас ауданы орталығындағы «Менің Түлкібасым» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көтерме бағада мектепке қажетті заттардың жәрмеңкесі өтіп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге Шымкент қаласындағы «Автонұр» базарының саудагерлері өз тауарларын тұтынушыларға ұсынуда.

Онда жейделер (көйлек) 2 мың теңгеден, спорттық аяқ киім мен туфлилер 2-5 мың теңгенің арасында, 12 парақтық дәптерлер 10 теңге, сумкалар 3-5 мың теңгеден және т.б. мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-саймандар сауда орталықтары мен базар бағасынан едәуір арзан бағада саудалануда.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...