Түлкібаста жаңа мектеп салынып, 8 білім ұясы ағымдағы жөндеуден өтуде

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Бақыбек мөлтек ауданындағы 300 орындық заманауи мектептің құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда қабылау жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған білім ордасына арнайы табан тіреп, атқарылған жұмыстарды саралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш негізгі корпустан тұратын білім ұясында балаларға орта білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Іші толық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған, жаңа оқу жылына дайын. Жолды реттеу жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан басшысы аталған мәселені тездетіп шешу мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі. Сонымен қатар білім бөлімінің мамандары мен тиісті мекеме басшыларына балалар қауіпсіздігін қатаң сақтау үшін мектеп айналасындағы құдықтардың бетін бітеп, трансформаторларды дереу қоршау қажеттігін ескертті.

Бұдан соң аудан әкімі қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүріп жатқан Жанкент мектебіне арнайы барып, ол жердегі атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Мектеп сыртын қаптау жұмыстары тамыз айының үшінші онкүндігінде толық аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда дәл осындай жеті мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Алғабас мектебі аяқталған болса, Молдағұлова мектебінде жұмыс атқарылуда.

Аудан әкімі Ынтымақ ауылындағы А.Оразбаева мектебінде болып, жаңа оқу жылына дайындық барысын қадағалады. Өткен жылдан өтпелі болып, күрделі жөндеуден өткен мектептің директорына мектеп ауласын көріктендіру, көгалдандыру бойынша біршама ескертпелер жасады.

x

Check Also

Түркістан өңірі мақта-тоқыма кластерінің жаңа дәуірін қалыптастыруда

Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылады. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық жоба аясында 4 мақта өңдеу зауыты мен ...

Түркістан облысы: Ұлттық жоба аясында коммуналдық секторларды жаңғырту жұмыстары жүреді

Түркістан облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы 163 млрд 850 млн ...