«Тазалық табалдырықтан басталады» — Xnews — ақпарат агенттігі

«Тазалық табалдырықтан басталады»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Сауран, Яссы секторларында өткен тұрғындармен кезекті кездесуінде тазалық мәселесі өзекті болды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға қатысқан қала тұрғындары шаһардың жайнап-гүлденуіне ризашылығын білдіріп, алғыс айтумен қатар әрбір қала тұрғыны қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға тастап, қаламызға жанашырлық таныту керектігін айтты. Сонымен қатар, әкіммен кездесуге тұрғындар инфрақұрылым, ойын алаңшалары, атаулы әлеуметтік көмек, жер телімі, тұрғын-үй кезегі және тағы да басқа жеке мәселелерімен келген.

Нұрбол Әбдісаттарұлы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған кейбір мәселелер бойынша арнайы өзі барып тексеретінін жеткізді. Және тиісті сала жетекшілеріне ұсыныстарды заң аясында зерделеуді тапсырды.

Әлеуметтік жағдайларын айта келген, баспанаға мұқтаж көп балалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да өтініштерін тыңдаған шаһар басшысы жалпы қала бойынша тұрғын-үй кезегінде 16 364 азамат барын айтты. Баспана орталықтандырылған кезек жүйесіне сәйкес табысталатынын түсіндірді. Кездесуден кейін қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...