«Таза Қазақстан» Түркістанда алты жастағы баладан алпыстағы қартқа дейін тазалық жұмыстарына атсалысуда

Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке әжесімен бірге келген қаланың кішкентай 6 жасар тұрғыны Кәусар Әзизханқызы да тазалық жұмыстарына атсалысып, үлкендерге қолғабыс етті. Енді ғана мектеп табалдырығын аттаған қыздың әжесі Гүлнәр Дулатбекованың сөзінше, баланы тазалыққа үйрету – бүлдіршін кезінен басталуы тиіс. Тәрбие – тал бесіктен басталатындықтан әрбір ата-ана балаларын табиғатты қорғауға, қоршаған ортасын таза ұстауға бағыттауы қажет дейді. Сенбілік тек тазалық үшін ғана емес денсаулыққа да өте пайдалы физикалық қозғалыс екендігін алға тартты.

Қала әкімі бекіткен кестеге сәйкес, тазалық шарасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Облыс орталығы аумағындағы кәсіпкерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар шаһар жұмысына белсенді үлесін қосуда.

Қала тазалығы – экологиялық мәдениеттің өлшемі

Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азаматтар қатысып, 10 техника жұмылдырылды.

О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесіндегі ретсіз жарнамалар түзетіліп, кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасына атсалысқан табиғат жанашырларының айтуынша, әрбір жеке тұлға тазалықты өз ауласынан бастауы қажет. Үйден шыққан қоқысты арнайы орындарға тастап, қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыруға үлес қосуы тиіс.

Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. Осыған байланысты қаламызда апта сайын жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.

x

Check Also

Шардарада патриоттық кездесу өтті

Бүгін Шардара қаласында «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» атты шара өтті. Жиында ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жастармен кездесті. ...

Возвращенные активы работают на благо народа

Состоялась торжественная церемония закладки капсулы времени в рамках начала строительства новой музыкальной школы искусств в селе Темирлан Ордабасинского района Туркестанской ...