«Таза Қазақстан»: Түркістан қаласында өткен сенбілікке 700-ге жуық адам қатысты

Облыс орталығындағы әуежайға баратын жол, Шымкент тас жолы, айналма тас жолдарының бойындағы қаулаған шөптер шабылып, күл-қоқыстан тазаланды.

«Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 6 сектор мамандары, қала тұрғындары, белсенді азаматтар мен қала еріктілері қосылды.

5 аумаққа бөлініп жиналған қоқысты тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 13 техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарына 700-ге жуық адам қатысты.

Тазалық акциясының мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениет қалыптастырып, отаншылдыққа тәрбиелеу.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...