Таза Қазақстан — болашақ ұрпаққа өсиет!

Тазалық – адамның рухани-мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі.

Өркениетті ел боламыз, заман ағымына ілесіп, орнықты дамуға бет түзейміз десек, жеке гигиенамыз бен өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан елді мекеніміздің, қаламыздың, туған жеріміздің тазалығын сақтауға да дағдылануымыз керек. Жас ұрпаққа жақсы үлгі көрсетіп, оларды тазалыққа жаны құмар азамат етіп тәрбиелеуіміз шарт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдердің қызметі елді мекендер мен қоғамдық кеңістіктердің сыртқы келбеті бойынша да бағаланатын болады» деген еді. Осы орайда, аталған міндетке Шымкент қаласының әкімдігі де, шаһар тұрғындары да баса назар аударып отырғаны қуантады.

Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты.

Іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғындары, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойында күл-қоқыстарды тазалап, жол жиектеріндегі қатты қалдықтар мен пласмас қалдықтарды ретке келтіріп шықты.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының жастарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын», — дейді «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш.

Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.

Т.Қасым

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...