Созақта «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті

Созақ ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Шараға жергілікті кәсіпкерлер кеңсе құралдары мен балалардың мектеп киімдерін қолжетімді бағада ұсынды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 20 балаға 50 мың теңгеден қаржылай көмек табысталды.

Жалпы биыл аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын мектеп жасындағы 1 250 балаға мемлекет тарапынан 54 млн теңдеген астам қаржы қарастырылуда. Бұдан бөлек, аудан әкімі аппараты мен бюджеттік мекемелер әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 107 балаға оқу құралдары мен мектеп формаларын, аяқ киім және сөмкелерді табыстады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...