Шымкенттен Солтүстік өңірге қоныс аударушылардың саны артқан

Қоныс аударған тұрғындардың 67-сі тұрақты жұмысқа орналасып, 8-і кәсіпкерлікпен айналысуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қазір елімізде еңбек күші аз болған солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы орайда, Шымкентте алғашқы жарты жылдықтың қорытындысымен 54 отбасындағы 179 адам солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аударды.

Атап айтқанда – 20 отбасы Павлодар облысына, 29 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына, 1 отбасы Абай облысына және 4 отбасы Шығыс Қазақстан өңіріне жайғасты.

Қоныс аударған 179 адамның 94-і еңбекке қабілетті. Қазіргі сәтте оның 67-сі тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 адам кәсіпкерлікпен айналысуда, 14 адам үй шаурусында болса, қалған 8 қоныс аударушыны жұмыспен қамту шараларына тарту жұмыстары жүргізілуде.

Азамaттардың солтүстік өңірлерге көшу үшін 70 АЕК көлемінде материалдық көмек қаралған. Бұл отбасы құрамының әрбір мүшесіне 258 440 теңгені құрайды. Көшіп барғаннан кейін коммуналдық төлемдер мен баспана сатып алғанға дейінгі жалдамалы пәтердің құны мемлекеттен өтеледі.

Жалдамалы пәтердің құны бір адам үшін 20 АЕК, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК, ал бесеуден жоғары – 30 АЕК мөлшерінде төленеді. Ауылдық жерде отбасы мүшелерінің санына қарай 15-21 АЕК аралығында қаржы қаралған.

Ал, егер солтүстік өңіріне барғаныңызда бір үй көңіліңізден шығып, бірақ қолыңызда қаражат болмаса, 12 ай бойы үйді жалдауға берілетін ақшаның бір жылдық жиынтығын бірден алып, баспана сатып ала аласыз. Солтүстік өңірлерде баспана бағасы төмен екенін де ескерген жөн.

Қоныс аударуға қатысты ақпаратты тұрғылықты мекен жай бойынша әр ауданның мансаптық орталықтарынан алуға болады.
Қаратау ауданы бойынша мансаптық орталығы – Бәйтереков №89;
Еңбекші ауданы бойынша мансап орталығы – Астана шағынауданы 106;
Абай ауданы бойынша мансаптық орталығы – Арғынбеков 243/3;
Әл-Фараби ауданы бойынша мансаптық орталығы – А.Байтурсынов, 201 үй
Тұран ауданы бойынша мансаптық орталығы – Қазыбек би көшесі 50 үй.

x

Check Also

Білім сапасын көтереміз десек…

Өзім зейнеттегі кәсіби педагог болғандықтан, бір құлағым білім саласына түрулі жүреді. Әсіресе әр жылдағы ҰБТ-ның көрсеткішін көріп, білім саласындағы өзгерістерге ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...