Шымкентте мерекелік концерт өтті

«Шымсити» саябағында өткен «Шым қала кештері» концерттік іс-шарасы қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының өнерпаздары мен жергілікті әншілер эстрадалық әндер орындап, көпшілікке ерекше қойылымдар ұсынды.

Бұл іс-шараны Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 27 шілдеден бастап ұйымдастырып келеді. «Шым қала кештері» атты OPEN AIR форматындағы концерттер әр сенбі сайын қаланың түрлі саябақтары мен гүлзарларында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бүгінгі күні іс-шара бір мезгілде қаланың бес нүктесінде өтті: А.Асқаров атындағы Дендросаябақта, «Кең баба» саябағында, «Көл» демалыс аймағында, Орталық саябақта және «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары өз бағдарламаларын ұсынды.

«Шым қала кештері» концерті қала тұрғындары мен қонақтарына жағымды эмоциялар мен рухани демалыс сыйлауды мақсат етеді. Іс-шара күзге дейін жалғасын табады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...