Шымкентте Конституция күні қарсаңында қоғам белсенділері марапатталды

30-тамыз Конституция күніне орай, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда мерекелік іс-шара өтті.

Жиын барысында Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев қала тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтап, қоғам белсенділерін марапаттады.

– Маңызды мерекелердің бірі — Конституция күні қарсаңында қоғам белсенділерін марапаттауды жөн көрдік. Қоғамдық жұмыстарда ешқандай ақысыз, қызмет етіп жүрген, өз істерінің маманы болған жандар қашанда құрметке лайық. Елімізде су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қайырымдылық көмек көрсеткен және ауданның экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына белсене үлес қосқан кәсіпкерлер де елеусіз қалған жоқ. Мұндай шаралар біз үшін маңызды, – деді Досалы Амангелдиев.

Іс-шара барысында облыстық филармонияның қызметкерлері концерттік бағдарламаларын ұсынды.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...