Шымкентте жәндіктерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

Қала аумағында ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 тамыз бен 30 қыркүйек айлары аралығында кенеге қарсы ауыл шаруашылығы жануарлары мен қора-жайларды залалсыздандыру шаралары жүргізілетінін хабарлаймыз!

Залалсыздандыру жұмыстары ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген, қора-жайлары бар үйлерде (ақысыз түрде) жүргізіледі.

Аталған ветеринариялық шараларды жүргізу барысында жұмыстың сапалы болуы үшін, тұрғын үй иелерінен:
— алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуді;
— ірі қара малдарын дезинсекторларға бүрку үшін жеткізуді;
— бал ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге бал ара жәшігін бүрку алаңдарынын алшақ ұстауды сұраймыз.

Қауіпсіздік шараларын сақтауды және дезинфекция жұмыстарын жүргізу барысында жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз!

Жауапты мекеме: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/15 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...