Шымкентте Білім басқармасының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы қорытыланды

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы биылғы жылғы білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы бойынша баспасөз брифингін берді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 982 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда — 415 908 тәрбиеленуші білім алуда (мемлекеттік – 258, бала саны – 262 856, жеке – 724, бала саны – 153 052).

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында, 2023 жылы 30 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 945 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Биылғы жылы балаларды 2 жастан бастап мектепке дейінгі біліммен қамту, жекеменшік балабақша есебінен санын арттыру бағытында мемлекеттік тапсырыс негізінде 3150 орынмен қамту жоспарланған.

Жергілікті бюджеттен 43,6 млрд теңге қаржы жалпы 71 193 бала санына қаралған. Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айында 1050 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Жоспар бойынша ағымдағы жылы жаңадан ашылатын 32 балабақшаның сәуір айында 13-і ашылып, 117,3 млн теңге қаржыға 242 орын мемлекеттік тапсырысы берілді. Нәтижесінде, 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 86 387 баланың – 86,6%-ы (76 216 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылса, 2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3% (74 661 бала) қамтылған.

Биылға жылдың соңына дейін балабақшаларды мемлекеттік тапсырыс аясында қосымша 2100 орынмен қамтамасыз ету күтілуде (а.ж. 1-қыркүйегіне дейін 1100 орын, жыл соңына дейін 1000 орын). Бұның 100 орыны ата-аналарға ваучер беру арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, қыркүйек айында 14 балабақша және желтоқсан айында 5 балабақша ашылады деп күтілуде.

Шымкентте колледж жатақханаларында орын тапшылығы мәселесі жоқ
Шымкент қаласында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 38 колледжді құрады. 38 колледжде 47 020 студент білім алды. Оның 23 587-і бюджет шеңберінде мемлекеттік тапсырыс негізінде, 23 433-і ақылы негізде білім алды.

Қазіргі уақытта 2024-2025 оқу жылына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау мақсатында 11 500 талапкерді мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау шаралары жүзеге асырылуда.

Алдағы 2024-2025 оқу жылында жұмыс беруші кәсіпорындардың есебінен 15 жекеменшік колледжде 51 талапкерді қабылдау жүзеге асырылады.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сұранысқа сәйкес 5 мамандық бойынша 75 орын бөлініп отыр («Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК, «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК, «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» КММ). Бүгінгі таңда, колледждерге 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау шаралары жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам талапкердің құжаты қабылданды. Қабылдау шарасын жүзеге асыру барысында колледждердің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын қатаң сақтау және құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық жиналыс өткізіліп, тиісті хаттама жолданды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығына сәйкес студенттердің стипендиясын 2 есе ұлғайту көзделген (2023 жыл-50%, 2024 жыл-100%).

Стипендия мөлшері – 2023 жылы 31 422 тг болса, 2024 жылдан 1 қыркүйектен бастап 41 896, жұмысшы мамандықтарға 43 574 тг.

Сонымен қатар, 22 колледж жатақханасында (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік колледж) 2393 студент орналастырылған (жобалық қуаттылығы 2 959 орындық).

Оның ішінде 1 160 орындық 7 мемлекеттік жатақханада 800 студент, 1799 орындық 15 жекеменшік колледждердің жатақханасында 1 593 студент орналастырылған.

Студенттердің негізгі контингенті Шымкент қаласының және көлік инфрақұрылымы дамыған іргелес аудандардың тұрғындары болғандықтан, Шымкент қаласының колледж жатақханаларында орын тапшылығы мәселесі жоқ.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.facebook.com/share/v/HYfNCGANQHZ8wUj3/ сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Түркістан: Сарыағашта «Қызыққа толы студенттік өмір» атты фестиваль өтті

Сарыағашта 17 қараша — Халықаралық студенттер күні мерекесі қарсаңында студент жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін және білімге, өнерге деген құштарлығын арттыру ...