Шардарада ағын суды реттеу мәселесі талқыланды

Республикада суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі Түркістан өңірінің үлесінде. Сондықтан да ағын су мәселесі облыс шаруалары үшін маңызды саналады. Шардарада облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

– Облысымыздың оңтүстік өңірлерін ағын сумен қамтамасыз ету «Достық», «Зах», «Ханым» және «Үлкен Келес» трансшекаралық магистралды каналдарына тәуелді. Биыл сұранысқа сәйкес, ағын су тұрақты босатылуда. Дегенмен тапшылық туындау тәуекелділігі жоғары. Сіздермен бірлесіп, туындаған мәселерді талқылау және оның шешімін табуға біз өз тарапымыздан ынталымыз. Осы орайда бірінші кезекте жұмысты Шардара ауданынан бастап жатырмыз. Келесі кезекте Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы «Қазсушар» мекемесі тарапынан туындаған мәселелерді толық қарайтын боламыз. «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы» құрылысының сапасын жұмысшы топ мүшелерімен құрылыс басына барып талқылауға дайынбыз, — деді облыс әкімінің орынбарасы.

Күн тәртібінде шаруалар көтерген мәселелер қаралды. Оның ішінде ағын су тарифінің қымбаттауы, дақыл түрі бойынша суару нормалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Биыл «Қазсушар» РМК-ның ағын су тарифінің қымбаттауы және «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ПУИИД-2)» аясында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы бойынша Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының АШТӨ-рі тарапынан бірқатар мәселелер түсті. Көтерілген өзекті мәселелердің оңды шешілуін қамтамасыз ету мақсатында, аталған одақтың бірлестік мүшелері аталған аудандардағы шаруалардың ұсынысы мен мәселесін зерделеу бойынша облыс көлемінде жұмысшы топ құрылды.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков баяндама жасап, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының міндетін атқарушы Жандарбек Бақашбаев өз кезегінде ағын суды беру нормалары, жобаның 2-кезеңі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады. Аталған кәсіпорынның бөлім басшысы Есен Керімбеков ағын судың тарифі жайлы сөз сөйледі.

Жиын барысында жұмысшы топ өкілдеріне сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Бейсенбай Дәулетұлы мәжіліс соңында кезек күтірмейтін мәселерді қысқа мерзімде шешуіміз қажет деді. Оның қатарында АШТӨ-не тікелей ағын су жеткізу үшін, өндірістік кооперативтер қызметін жыл соңына дейін толық алып тастау, ауыл округтерінде суармалы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу, аудан аумағындағы су нысандарын бір қолдан басқару мақсатында коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу, асу субсидиясын беру бойынша ауылдық округтерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ИДЖЖЖ-2 бағадарламасы аясында атқарылған жұмыстардың сапасыз және қалған бөлігіндегі жұмыстарға қаржы қарау үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне ұсыныс енгізу, сонымен қатар Су метрология мекемесімен каналдардағы су шығынын қайта есептеп, бекіту сынды міндеттер бар.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...