Саурандықтар сенбілікті дәстүрге айналдырды

Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде 250-ден астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ауданға қарасты 12 ауылдық округтен тұрғындар қатысып, орталық көшелерге тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік апта сайын әр ауылдық округте тұрақты жалғасын тауып келеді.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 9 техника жұмылдырылған. Көшелер бойы қоқыстан тазаланып, шөп ору, ретсіз өскен ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде 50 тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты басты қағидаға айналдырған саурандықтар сенбілік жұмыстарын тұрақты жалғастырып келеді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...