Саурандық талантты жастардың кеші өтті

Сауран ауданында “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің ұйымдастыруымен мерекелік жастар кеші өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сауран ауданына 3 жыл толуына және 12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай өткен шараға Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Байғазыұлы, “Ауған соғыс ардагерлерімен мүгедектер кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақай Тілес және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ң басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы қатысты.

Жастар кешінде Есқара Бейбітов, Ясир Махмут, Бабола Белжан және ауданның талантты жастары мерекелік көңіл-күй сыйлап, ән шашу тарту етті. Кеш соңы отшашу мен жастардың көңілді кешімен аяқталды.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...