Саурандық делегация Астана қаласындағы Қытай тауарларының көрмесіне қатысуда

Астана қаласында ағымдағы жылдың 23-24-25-ші тамыз күндері Қытай тауарларының көрмесі өтуде. Түркістан облысының делегация құрамында Қарашық ауылдық округінің 7 кәсіпкері қатысып, келіссөздер жүргізуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараға делегация құрамын Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев арнайы бастап барды.

Сапардың негізгі мақсаты өңірге шетелдік инвестицияларды тарту және өндіріске қажетті жаңа технологиялармен танысу, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу. Сонымен бірге, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу бағытында өрбіді.

Көрме аясында Қарашық ауылдық округінің кәсіпкерлері Қытай Халық Республикасының көптеген кәсіпкерлерімен кездесіп, ұсыныстар жасап, келіссөздер жүргізуде. Шетелдік инвесторлар жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып, өндіріс орындарын ашуға ниет танытып отыр. Алдағы уақытта инвесторлардың пәрменімен өндіріс орындары ашылады деп күтілуде.

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...