Сауранда “Zhastar Fest” мерекелік шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда “Zhastar Fest” мерекелік шарасы өтті

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның құрылғанына 3 жыл толуымен және “12 тамыз — Халықаралық жастар” күніне орай, “ЖАСТАР FEST” іс шарасы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік кешті Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков ашып, Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы екенін атап өтті. Сонымен бірге, “Ауған соғыс ардагерлерімен мүгедектер кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілес Ақай өз сөзінде еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады және жаңа белестерге деген ұмтылысы, жаңа идеялардың туындауына себепші болатынын атап өтті.

Іс шараға арнайы келген Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы аудан жастарын мерекемен құттықтап, аудандық жастар орталығының жұмысына оң бағасын берді.

Кеш барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков бірқатар белсенді жастарды Халықаралық Жастар күнi мерекесімен құттықтап, Сауран ауданы әкімі Мақсат Асылбекұлының арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.

Кешті белгілі болгер, жастар жанашыры Азамат Сарсенбай жүргізіп, мерекелік шараның қызықты өтуіне атсалысты. Сондай-ақ, кеш қонақтары Есқара Бейбітов, Ясир Махмут, Бабола Бенжамен және ауданымыздың талантты жастары мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...