Сауранда тұрақты жұмысшы топтың отырысы өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан және оған қарасты ауылдық округтерде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымының бейімделуі жөніндегі тұрақты жұмысшы тобының отырысы өтті. Жиынға тұрақты жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлімдер қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналыстың күн тәртібінде «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасының 26 тармағы бойынша бекітілген нысандардың қазіргі таңда орындалуы, Сауран ауданы прокурорының 2023 жылғы 29 мамырдағы ұсынымындағы кемшіліктерді жою, мүгедектігі бар адамдардың сайлау учаскелеріне кіріп шығуына қолайлы орта қалыптастырып қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек баяндама жасады. Бұдан бөлек, 2024 жылға мүгедектігі бар адамдарға бекітілген жұмыс орындары квотасының орындалуы бойынша «Мансап» орталығының маманы Роман Шерментаев хабарлап өтті.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібіндегі айтылған кемшіліктер бойынша ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына тез арада жою бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...