Сауранда өткен сенбілікте 55 тонна қоқыс шығарылған

Сауран ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық шарасы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілік жұмыстары «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Кентау» бағыттарындағы автомобиль жолдарының бойы мен индустриалды аймақтарда ұйымдастырылған. Одан бөлек, аудандағы 12 ауылдық округте тазалық шарасы өткізілді. Атқарылған жұмыстарға 300-ге жуық азамат пен 11 техника жұмылдырылған. Сенбілік барысында көше бойлары арам шөптер мен қураған ағаштардан тазарып, 55 тонна қоқыс шығарылған.

Жалпы Сауран ауданында өткізіліп жатқан сенбіліктер қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сондай-ақ аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...