Сауранда өткен сенбілікте 40 тоннадан астам қоқыс шағарылды

Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ауданға қарасты 12 ауылдық округте және білім бөліміне қарасты 42 мектеп өз аумақтарында жаппай сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, экологиялық шара аясында әктеу, сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ. аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды. Сенбілікке аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер де өз үлестерін қосты. Жалпы тазалық жұмыстарына 828 адам қатысып, 5 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 41 тонна қоқыс шығарылды.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...