Сауранда “Мектепке жол” Республикалық акциясы аясында 300-ден астам оқушыға оқу құралдары берілді

Бүгін Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіндегі Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу болып табылады.

Аталған акцияға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, аудандық мәслихат депутаттары Ерсұлтан Елеуов, Арсылан Раматуллаев тағы да басқа азаматтар қатысты. Шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың құттықтау сөзімен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Акция барысында балаларға жергілікті демеушілер есебінен қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді.

Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абай атамыздан қалған өсиет. Дәл бүгінгі акция осы сөзімізге арқау болды. Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа іспеттес, ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз. Акция балалардың өмір сапасын жақсартуға қосып жатқан үлесінің тағы бір жарқын көрінісі деп білеміз.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...