Сауранда жаңа мектеп жаңа оқу жылына пайдалануға берілмек

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «Jalil Abdullaev ziatkerlik mektebi» ЖШС құрылыс жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп 954 балаға арналған оқу орынның құрылтайшысы Сауран аудандық мәслихатының депутаты Нурсултан Абдуллаев. Білім ордасының атауы ауыл жанашыры, 40 жыл педагог болып жұмыс атқарған, Ұлы Отан соғысы ардагері, коммунистік партия мүшесі, «Германияны жеңгені үшін» төсбелгісінің иегері, білім саласының үздігі болған Жалил Абдуллаевтың құрметіне қойылған.

Мектеп соңғы үлгіде салынған. Барлық заманауи оқу-құралдарымен қамтамасыз етілген. Интерактивті тақталар, ноутбуктер, физика, химия, биология сыныптары лабораториялық кабинеттер және құрылғылармен жабдықталған. Мемлекеттік талаптарға сай білім алушылар оқытылады, түстен кейін таңдау пәндері бойынша қосымша білім беріледі. Зияткерлік білім ошағында үш тілде дәріс беріледі. Онда қазақ, орыс және өзбек тілдері оқытылады. Орыс тілде сабақ беру бастауыш сыныптан басталады. Жаратылыстану бағыты тереңдетілген. Химия, биология, физика, математика, информатика мен география пәндеріне басымдылық беріледі.

Бастауыш сыныптарға дәрістері таңертең басталып, түскі уақытқа дейін өткізіледі. Олар әлеуметтік жағдайына қарай ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Түстен кейінгі уақытта түрлі спорттық, мәдени үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Атап өтетін болсақ, футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі мен гимнастика, би, домбыра, жалпы музыкалық аспаптар бойынша да үйірмелер болады. Бастауыш пен жоғарғы сынып оқушылары таңдауларына қарай бос уақыттарында үйірмелерге қатыса алады.

Таңдау пәніне байланысты бітіруші сыныптарға қосымша сабақ алынып, арнайы семинар-трениг өткізіледі. Бір артықшылығы білім алушылар мұнда үй тапсырмасын мектеп қабырғасында орындап, аяқтай алады. Спорт зал мектептің іші мен сыртында да оқушылаға қызмет көрсетеді. Білім алу мен қатар, спортпен қоса шұғылданады. Республикалық жарыстарда топ жарған спортшыларға арнайы дәріс берілетін болады. Жаңа оқу ғимараты жаңа оқу жылында толық аяқталып, қолданысқа беріледі.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...