Сауранда “Ауыл аманаты” жобасының талаптары мен шарттары түсіндірілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда “Ауыл аманаты” жобасының талаптары мен шарттары түсіндірілді

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасының ауданда жүзеге асуы бойынша жиналыс өткізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешен субьектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бауыржан Қалданов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев, «ОҢТҮСТІК» АИО ЖШС-нің басқарма төрағасы Айса Шырақбаев, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров және «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы ауылдық округ әкімдері, кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы бөлімінің және ауылдық округінің мамандары қатысты.

“Ауыл Аманаты” пилоттық жобасы бойынша ауыл халқының кірістерін арттыру және ауқымды түрде қолдану үшін ауылдарға микрокредиттер беру бағдарламасы аясында жоғарыдағы аталған азаматтар өз салалары бойынша мағлұмат беріп, жобаның талаптары мен шарттары туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Биыл ауданнан осы жобаға қатысушы ретінде Үшқайық, Иассы, Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтері таңдалып отыр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...