Сауранда “Ата Заң – асыл мұраттар бастауы” шарасы өтті

Сауран аудандық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Ата заң – асыл мұраттар бастауы» атты іс-шара өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Жұмадуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек қатысып, жиналған көпшілікті Қазақстан Республикасының Конституциясының 29 жылдығымен құттықтап, Ата Заңымыздың айбары асқақтай берсін деп игі тілектерін білдірді.

1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің жаңа конституциясын қабылдады. Конституция — мемлекет негізінің іргетасы. Конституция бүгінде мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата заң аясында Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуына серпін беріп келеді.

Мерекелік жиында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламасы жиналған көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен бірге, аспазшылардың қолдарынан жасалған түрлі тағамдар, тігіншілердің құрақ көрпелері, қыз жасау және қолөнер бұйымдары, шаштаразшы қыздардың шаш үлгілері тамашаланды.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...