Ағымдағы жылдың 23-24 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасында «Өзбекстан-Орталық Азия-Қытай экономикалық-мәдени форумы» өтуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш форумға Сауран ауданының делегациялары атап айтсақ, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Майдантал, Жүйнек ауылдық округ әкімдері арнайы барып қатысуда.
Іс-сапардың негізгі мақсаты өңірге шетелдік инвестицияларды тарту және өндіріске қажетті жаңа технологиялармен танысу, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу. Сонымен бірге, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу болмақ.
Форум аясында ауылдық округ әкімдері Қытай Халық Республикасының көптеген кәсіпкерлерімен кездесіп, ұсыныстар жасап, келіссөздер жүргізуде. Алдағы уақытта ауданда инвесторлар зауыт ашып, бірлесе жұмыс жасауға ниет білдіріп отыр. Таяу арада инвесторлардың айтқан ұсыныстары бойынша алдағы уақытта келіссөздер жүргізіліп, екі-жақты меморандумға отыратын болады.