Сауран ауданының әкімі көпқабатты тұрғын үйдің және спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудандық мәслихат депутаттарымен аудан орталығында бой көтеріп жатқан көппәтерлі тұрғын үйлер мен спорт кешенінің құрылысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, нысандардың бой көтеруін аралап көрді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығы Шорнақта үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүруде. Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында 3 қабатты 3 тұрғын салынуда. Заманауи тұрғын үй кешенін 2024 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, пәтер ауданы 1264 шаршы метрді құрайды. 3 тұрғын үй кешенінде 72 пәтер болады. Тұрғын үй кешені Шорнақтың баспана қорын толықтырып қана қоймай, аудан орталығының келбетіне көрік сыйлайды.

Екінші кезекте Шорнақ елді мекеніндегі «Спорт Кешені» құрылыс барысын көрді. Аталмыш нысанның құрылысын салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024-2025 жылға өтпелі.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...