Сауран: Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың жеке қабылдауына ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны тұрмыстық жағдайына байланысты әлеуметтік көмек сұраса, «Иқан Тазалық» мекемесінің басшысы атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, ауыл тұрғындарын келісім-шартқа тұрғызу, ауылдық округтегі полигон орнын сенімгерлік басқаруға беруін алға тартты.

Ал, Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны жер комиссиясының хаттамасы шыққанын, алайда әлі күнге дейін қаулы шықпай жатқандығын мәлім етті. Сонымен бірге, Шорнақ ауылдық округіндегі көліктерге арналған айып тұрағының электр қуатының ақысы төленбегенін, 3 қызметкердің 2 ай көлемінде жалақы ала алмай жүргендігін жеткізді. Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны қызын тұрақты жұмысқа тұрғызып беруін сұранды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша қолдау көрсетіп, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...