Сауран әкімі жеке қабылдау өткізді

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бекітілген кестеге сәйкес, апталық жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға тиісті бөлім басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, спорт залды күрделі жөндеуден өткізу, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қабылдауға алдын ала жазылған ауыл тұрғындарының мәселелері толығымен тыңдалды және ойлары ортаға салынды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның жұма күні 11:00-13:00 аралығында өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылып кіре аласыз. Мекен-жайы: Шорнақ ауылдық округі, М.Темірбаев көшесі, №30 (Сауран аудандық әкімдігінің ғимараты).

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...