Сайрамда «Жастарға бағыт» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр

Сайрам ауданы халқының 32,3 пайызын жастар құрайды. Бүгінгі күнге дейін ауданда көптеген іс-шаралар өткізілсе, оған жастардың белсене атсалысып жүргенін айтуға болады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әділхан Төлегеновтің бастамасымен жастар саясатының жұмысын жандандыру мақсатында «Жастарға бағыт» жобасы жүзеге асты.

Аталмыш жоба аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының және Қазақстан Халқы Ассамблеясының жастары, аудандық Полиция, Төтенше жағдайлар басқармасы мен Мансап орталығының мамандары бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар атқаруда.

Жаңа жоба аудан аумағындағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды қоғамдық ортаға тарту, құқықтық жауапкершілігін қадағалау, төтенше жағдайлар бойынша қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізуге және кәсіпкерлік әлеуеттерін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ, әрбір ауылдық округте сенбілік тазалық шараларына қатысу тәрізді түрлі бағыттағы жұмыстарды қамтып келеді.

Айта кетейік, аталған бағыттар бойынша ауданға қарасты 11 ауылдық округ елдімекен тұрғындарымен кездесу өткізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде, бекітілген кесте бойынша алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табады.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...